Утебаев Асылбек Бақыттбекұлы, 05.05.1983 жылы ОҚО, Кентау қаласында дүниеге келген. Кентау қаласының № 14 мекиеп гимназиясын 2000 жылы тәмамдаған. 2000ж -2006ж аралығында Қарағанды медициналық академиясының педиатрия факультеті. Жылдық интернатураны 2006- 2007ж аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының балалар хирургиясы бойынша өткен. 2007 жылы балалар анестезиологиясы мен реанимациясы бойынша қайта даярлықтан өткен. Жұмыс жолын 2007 – 2016 жылдар аралығында Кентау қалалық ауруханасының балалар анестезиологы және реаниматологы қызметінен бастаған, 2016 – 2019 жылдар аралығында балалар бөлімшесінің меңгерушісі. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігердің медициналық сапа жөніндегі орынбасары. Жоғарғы санатты дәрігер. 2022жылдың тамыз айынан бастап Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
Тулбасиев Орынбек Қыдырәліұлы, туған жылы 23 қазан 1984 жылы туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
2002 жылы No19 қазақ орта мектебін бітірген.
2002-2009 Х.А. атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетін бітірген. Ясауи, жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының қалалық орталық ауруханасында инфекционист болып бастады.
05.06.2021 Кентау қалалық орталық ауруханасы рентгенолог дәрігері.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Кентау қалалық орталық ауруханасы басшысының сапа ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
ДУКОНБАЕВА ГУЛЬЖАН АБДЫКАЛЫКОВНА
Жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер
Дуконбаева Гульжан Абдыкалыковна 1980 жылы 30 наурызда Кентау қаласында дүниеге келген.
Орта мектепті аяқтағаннан кейін, 1997–2003 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған.
2003–2004 жылдары «Акушерлік іс және гинекология» мамандығы бойынша бір жылдық интернатурадан өткен.
2004–2007 жылдары Созақ аудандық ауруханасында акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеген.
2007–2010 жылдары Кентау қалалық перзентханасында акушер-гинеколог дәрігер қызметін атқарған.
2010–2024 жылдары Кентау қалалық орталық ауруханасының босану бөлімшесінде акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеген.
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Кентау қалалық орталық ауруханасы басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.







